15 мың бала додаға түсті
15 мың бала додаға түсті
604
оқылды
Елімізде жалпы білім беретін пәндер бо­йынша жыл сайынғы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. 18 ақпанға дейін жалғасатын білім додасы 15 пән бойынша өткізіледі.
«Оқу-ағарту министрлігі академиялық адалдық пен ашықтықты сақтауға үлкен көңіл бөледі, сондықтан былтырдан бастап олимпиада «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде прокторинг қызметін пайдалана отырып, «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізіледі. Оқушыларға тапсырмаларды алу үшін жеке логин мен құпиясөз және жауап парақшалары беріледі. YouTube желісінде олим­пиаданың бейнежазбасы мен тікелей көрсетілімі жүргізіледі», – деп атап өтті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының міндетін атқарушы Ғаждембек Турсунов.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне респуб­ликаның әр өңірінен 15 651 оқушы қатысып жатыр. Оның ішінде 7 486 бала – жаратылыстану-ма­те­матикалық бағыт бойынша және 8 165 бала қоғам­дық-гуманитарлық бағыт бойынша сынға түседі.