Хакерлер НАТО сайттарына шабуыл жасады
Хакерлер НАТО сайттарына шабуыл жасады
НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг 2023 жылы 14-15 ақпанда Брюссельде баспасөз мәслихатында. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Dursun Aydemir
Хакерлер НАТО-ның Арнайы операциялық күштер штабының порталына шабуыл жасады. Бұл туралы Lenta.ru сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Халықаралық шиеленіскен жағдайда әскери ұйымның ақпараттық ресурсына жасалған шабуылдың себептерін Aikyn.kz ресейлік ақпарат көздеріне сүйеніп сараптайды. [caption id="attachment_240506" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок7 Хакерлер НАТО сайттарына шабуыл жасағаны туралы алғашқы хабарламаны ТАСС агенттігі таратты. Шабуыл Солтүстік Атлантика әскери альянсының Арнайы операциялық күштер штабының порталына да жасалған. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Andrey Rudakov[/caption] Хакерлер НАТО сайттарына шабуыл жасағаны туралы алғашқы хабарламаны ТАСС агенттігі кеше таратты.
Шабуыл Солтүстік Атлантика әскери альянсының Арнайы операциялық күштер штабының порталына да жасалған. Оқиғаның нақты қашан болғаны айтылмаған.
Қазір сайт толық жұмыс істеп тұр. Альянстың өкілі оқиғаны киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар белсенді түрде тексеріп жатқанын мәлімдеді. [caption id="attachment_240507" align="aligncenter" width="1429"]Рисунок8 Ресейлік RaHDit (Зұлым орыс хакерлері) хакерлер тобы НАТО әскери қызметкерлері мен Балтық, Украинадағы киберорталықтарға қызмет көрсететін және кеңес беретін жеке тұлғалардың үшінші тізімін жариялады. Фото imagar.com сайтынан алынды[/caption]
29 желтоқсанда ресейлік RaHDit (Зұлым орыс хакерлері) хакерлер тобы НАТО әскери қызметкерлері мен Балтық, Украинадағы киберорталықтарға қызмет көрсететін және кеңес беретін жеке тұлғалардан тұратын 100-ден астам адамның үшінші тізімін жариялады.
Ресейге қарсы соғысқан офицерлердің тізімі Немезида жобасының порталында «Шетелдік сыбайластар мен жалдамалылар» – «НАТО кибер күштері» бөлімінде жүктелген.