Тоқаев бокстан әлем чемпионының соққысына баға берді
Тоқаев бокстан әлем чемпионының соққысына баға берді
547
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Степногорск қаласында бокстан әлем чемпионы Дина Жоламанның соққысын «тексерді». Бұл сәттің видеосын Ақорданың баспасөз қызметі бөлісті. Президент Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Степногорскідегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін аралап көрді. Онда бокс, еркін күрес, ауыр атлетика, дзюдо, көркем гимнастика, футбол, шаңғы жарысы және самбо секциялары бойынша 1140 бала спортпен шұғылданады. Сабақты 30 жаттықтырушы-оқытушы жүргізеді. Мемлекет басшысына балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі тәрбиеленушілерінің оқу-жаттығу сабақтарын өткізетін ауыр атлетика залы мен үлкен ойын залын көрсетті.