Таразда анасын тонаған қыз ұсталды
Таразда анасын тонаған қыз ұсталды
Фото: polisia.kz
3,220
оқылды
Таразда анасының заттарын ұрлаған қыз ұсталды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Ұры пәтерге кіріп, алтын бұйымдар мен Apple Watch сағатын ұрлап кеткен. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында арызданушының 19 жастағы туған қызы анықталды. Күдіктінің айтуынша, ұялы телефонының несиесін төлеу үшін ақша керек болған. Ұрлаған заттарды ломбардқа өткізген. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.