Өлтіре берсең болады – Нұрлан имамның жауабы елді күлкіге көмді
Өлтіре берсең болады – Нұрлан имамның жауабы елді күлкіге көмді
19,571
оқылды
Қазнет жұлдызына айналған белгілі имам Нұрлан қажы Байжігітұлы кезекті рет желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Діндар өзіне қойылған сұраққа әдеттегідей жалпақ тілмен жауап берді. Әлеуметтік желідегі кезекті тікелей эфир кезінде имамға оқырманның бірі "Шыбын мен құмырсқаларды өлтіруге бола ма?" деген сұрақ қойды. Бұл сәттің үзінді видеосын ТікТок қолданушысы жариялады. Нұрлан қажы Байжігітұлының айтуынша, үйде жүрген жәндіктерді өлтіруге рұқсат.
"Үйдегінің бәрін өлтіре берсең болады. Өлтіргенде де шапалақпен бір-ақ ұрсаң болды. Мыжып, аузын айырып, қанаты мен аяқтарын жұлып, аузын басына, басын аузына айналдыру – харам. Анық өлтіру керек болса, бірден өлтіргенің дұрыс шығар", – деді имам.
Сондай-ақ дін өкілі далада өз бетімен жүрген жәндіктерді қасақана өлтіруге болмайтынын кесіп айтты.
"Өзімен-өзі далада жүрген, айдаладағы Астанаға ұшақ сияқты ұшып кетіп бара жатқан шыбынды "рейсінен" қалдырып, өлтіруге болмайды. Далада қуып жүріп өлтірме", – деді ол.
Бұл жауапты естіген желі қолданушылары имамның қалжың араластырып айтқан жауабына риза болды.
@baqytzhankyzy7 Рейстарынан қалдырып жүрмеңдер 😂😂😂#нұрланұстаз #нұрланимам #нұреке ♬ оригинальный звук - Цветочек 🌸