Коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болады?
Коронавирусқа қарсы вакцина қашан дайын болады?
© © Sputnik / Рамиль Ситдиков l
187
оқылды
Коронавирусқа қарсы вакцина АҚШ-та бірнеше ай бойы сынақтан өткізіледі. Ал жаппай пайдалануға тек 1-1,5 жылдан кейін ғана дайын болуы мүмкін, деп мәлім етті АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институтының директоры Энтони Фаучи, - деп хабарлады sputniknews.kz. Оның айтуынша, вакцинаны тестілеудің бірінші кезеңі шамамен үш айға созылады. Бұл кезеңде вакцина 45 адамға, ал келесі кезеңде жүздеген, тіпті мыңдаған адамға сыналады.
"Тіпті, мейлінше жедел жасаған күннің өзінде ол 6-8 айға созылады. Сондықтан вакцинаны жаппай пайдалану үшін бір-бір жарым жылдай уақыт керек", - дейді Фаучи.
Қазіргі уақытта Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 мыңнан асып, оның 29 мыңнан астамы емделіп шыққан, деп хабарлады Қытай мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметіне сүйенген РИА Новости. Ал бұл дерттен көз жұмғандардың саны 2 715-ке жетті.