«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін тоғыз өңірде ауа райы құбылмалы болады.
Түнде Ақтөбе облысының орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде өңірдің орталығында, күндіз оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болжанады. Түнде өңірдің батысында, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.
Күндіз Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың орталығында күндіз күші – 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман болжанады. Күндіз өңірдің батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстігінде көктайғақ болады. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.
Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің шығысында тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз – 15-20 м/с.
18 ақпанда Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 17-18 ақпанда облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.