Полицейлер жалға алған көлікті сатып жіберген алаяқты ұстады
Полицейлер жалға алған көлікті сатып жіберген алаяқты ұстады
Фото: polisia.kz
721
оқылды
Түркістан облысы Төлеби ауданында жәбірленуші полициядан араша сұрады. Әйелдің айтуынша, оған танысы DAEWOO NEXIA автокөлігін 1,2 миллион теңгеге сататынын айтқан. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Көлікті қарап шыққан тұрғын, оны сатып алмақ болып келісіп, сол жерде 1,2 млн теңгесін берген. Алайда сатушы бір-екі шаруасы барын айтып, соны бітірген соң Мамандандырылған ХҚКО-да кездесіп, көліктің құжатын рәсімдеуге уағдаласқан. Соңында әйел алданғанын біліп, ақшасын алып жоқ болған, түрлі сылтау айтқан күдіктіні ұстауға полициядан көмек сұраған. Полицейлер тыңғылықты тексеру жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, ер адамды ұстады. Оның орта жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Тексеру кезінде көлік тіпті күдіктінің өзінікі болмай шықты. Яғни, алаяқ саудалаған көлікті Шымкент қаласындағы автотұрақтан жалға алған. Ақша қажет болған соң сатқан. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.