Өңірлерде табысы күнкөрісіне жетпейтіндердің саны артып келеді – Мәулен Әшімбаев
Өңірлерде табысы күнкөрісіне жетпейтіндердің саны артып келеді – Мәулен Әшімбаев
Фото: senate.parlam.kz
614
оқылды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның 12 өңірінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтындардың саны көбейіп келе жатқанын айтты. Inform.kz-тің жазуынша, елдің тұрмысы туралы «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбында өткен Парламенттік тыңдауда айтты. Оның айтуынша, өңірлерді дамытудағы маңызды міндет – халықтың табысын арттыру.
«Тұрғындардың табысын арттыру – реформалар тиімділігінің басты көрсеткіші. «Әділетті Қазақстанның» басты міндеті – ұлттық табысты әділ бөлу. Бүгінде халықтың жартысы барлық кірістің үштен біріне ғана қол жеткізіп отыр. Халықтың шамамен 5%-ының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейді. Өкінішке қарай, 12 өңірде кедейлер саны артқаны байқалып отыр. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және тағы басқа да облыстарда ахуал осындай», – деді Мәулен Әшімбаев.