СҚО-да жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
СҚО-да жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
© сурет интернеттен алынды
424
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық ПБ-ға аудандық ауруханадан Обуховка ауылында жаңа туған сәбидің өлімі фактісі анықталғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті,- деп хабарлайды Polisia.kz Тергеу-жедел тобы аталған фактіні тексеру үшін жіберілді. Оқиға болған жерді тексеру барысында үй-жайдан жасырын пакетте зорлықпен өлтірілген қыздың мәйіті табылды. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 100-бабы “Жаңа туған баланы анасының өлтіруі” бойынша тіркелген. Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды. Қайтыс болу себептерін анықтау үшін жаңа туған баланың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.