Қауіпті «Прогресс МС-21» ғарыш кемесі мұхитқа батырылды
Қауіпті «Прогресс МС-21» ғарыш кемесі мұхитқа батырылды
Фото Getty Images суреттер банкінен алынды. Авторы: Tim Peake
3,335
оқылды
Роскосмос зақымдалған «Прогресс МС-21» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан ажыратылып, Тынық мұхитына батырылғанын мәлімдеді. Кеме 18 ақпанда Мәскеу уақытымен сағат 05:26-да ресейлік «Поиск» зерттеу модулінен бөлініп, ашық ғарыш кеңістігіне шығарылған. Ғарыш стансасының жұмысына қауіп төндіруі мүмкін болған «Прогресс МС-21» кемесінің тағдыры туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_241086" align="aligncenter" width="1812"]Рисунок5 Фото energia.ru сайтынан алынды[/caption] Ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелин телеоператорлық басқару жүйесінің көмегімен ақауы бар жүк кемесін бұрып, ғарыш кемесінің зақымдалған бөлігін суретке түсірген. Осыдан кейін «Прогресс МС-21» дербес ұшу кестесіне сәйкес қозғала бастайды.
Мәскеу уақыты бойынша сағат 07:03-те ғарыш кемесінің қозғалтқыштарында тежегіш қосылып, орбитадан төмендеу процесі басталған. Отқа төзімді қалдықтар Жер атмосферасына жеткеннен кейін Тынық мұхитының навигациясыз аймағына түсіп, батып кетуі тиіс деп жоспарланған болатын.
Жүк тасығыш «Прогресс МС-21» кемесінің халықаралық стансадағы орнына «Союз МС-23» ұшқышсыз ғарыш кемесі орналасады деп жоспарланған. Ол 24 ақпанда Байқоңырдан ұшырылды. Ертең кеме Халықаралық стансамен түйіседі деп күтілуде. [caption id="attachment_241087" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок6  Фото Фото energia.ru сайтынан алынды[/caption]
Ақпан айының басында мамандар «Прогресс МС-21» ұшағындағы қысымның төмендеуіне құрастыру технологиясының бұзылуы себеп болғанын айтқан еді.
11 ақпанда ресейлік ғарыш корпорациясы ХҒС-қа түйіскен «Прогресс МС-21» жүк кемесінде қысымның азайғанын, бірақ станса экипажының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтінін хабарлады. Корпорация «Прогресс МС-21» кемесі 19 ақпанда Тынық мұхитына батырылғаны белгілі болды.