Түркиядағы зілзала: қаза тапқандар саны 40 мыңға жақындады
Түркиядағы зілзала: қаза тапқандар саны 40 мыңға жақындады
544
оқылды
Жойқын жер сілкінісі салдарынан кейін бір ғана Түркияның өзінде қаза болғандар саны 40 мыңға жақындаған. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі мәлімдеді. "Анадолу" ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, зілзала салдарынан кейін 20 мыңға жуық қираған құрылыс нысандарындағы үйінділер сүзгіден өткен. Құтқарушылар әр үйдің, ғимараттың астын қарап, тұрғындарды аман алып қалуға тырысты. Десе де, жойқын жер сілкінісі 39 672 адамның өмірін қиды. Елдің Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу табиғат апаты тіркелген аумақтардың басым бөлігінде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталып қалғанын хабарлауда. Еске салайық, бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы зілзаладан зардап шеккен Түркияға үш айдың ішінде 1 миллиард доллар жинамақ ниетте екені хабарланған. Қаржы тұрғын үй салуға, азық-түлік қауіпсіздігі және білім беру саласына жұмсалмақ.