Ғалымдар бақыттың сыры неде екенін анықтады
Ғалымдар бақыттың сыры неде екенін анықтады
© zhenskoeschastie.com
337
оқылды
Бұл – Гарвард ғалымдарының мәлімдемесі, деп жазады Freundin, - деп хабарлады 24.kz. Сарапшылар 1938 жылы басталған ауқымды зерттеу нәтижелерін қорытындылады. Ғалымдар осы 80 жылдың ішінде 724 адамның өмірін бақылап келген. Сәби күнінен бастап қартайғанға дейін қатысушыларға денсаулығы, өмірге, жұмысы мен отбасына деген көзқарасы жайлы сұрақтар қойылған. Бұл бастамаға тіпті тәжірибеден өтіп жүргендердің туған-туыстары да қатысыпты. Олар зерттеуге қатысушылардың өмір сүру қағидасы жайлы пікірлерімен бөлісіп отырған. Осылайша ауқымды зерттеу қорытындысы бойынша, адам үшін бақыт дегеніміз – ол айналаңдағылармен жақсы қарым-қатынас орната білу. Яғни таныстықтың саны емес, сапасы маңызды. Мамандардың сөзіне қарағанда, айналасында сенім артуға болатын адамдар жиналған жанның жүйке жүйесі мен миы босаңсып, күйзеліске ұшырау қаупі азаяды.