Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 13 тәулік өткен соң үш адам құтқарылды
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін 13 тәулік өткен соң үш адам құтқарылды
1,155
оқылды

Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен кейін 13-күні үйінді астынан үш адам құтқарылды,— деп хабарлайды Anadalu агенттігі. Қуанышты хабар сенбі күні Антакья қаласынан келді, онда құтқарушылар Түрікменбашы көшесіндегі генерал Шүкру Канатлы кварталындағы үй орнын қазған. Жерасты дүмпулерінен кейін 296 сағатта ер адам, әйел және бала құтқарылды, олардың аты-жөні әлі анықталмаған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, содан кейін ауруханаға жіберілді.