Жандарбек Бекшин Қытай шекарасындағы жағдайды айтып берді
Жандарбек Бекшин Қытай шекарасындағы жағдайды айтып берді
© inform.kz
211
оқылды
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшин Қытаймен шекарадағы жүк көлігі жүргізушілерін тексеру жұмыстары туралы айтып берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қытаймен шекараны аралау нәтижесінде, қытайлық және біздің тараптың ауру жұқтыру қаупін азайту мақсатында Қазақстанның аумақтық департаменттеріне, шекара қызметі мен кеден қызметіне міндеттемелерді бөлу схемаларын жасау тапсырылды», - деді Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен бірге, Ж. Бекшин Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалының тоқтамағанын атап өтті. «Жүк тасымалымен айналысатын қызметкерлерге, оның ішінде жүргізушілерге қатысты еш қауіптің жоқтығын анықтадық. Газбен айналысатын көлік жүргізушілері үшін де қауіп жоқ. Олар кедендік аймаққа екі сағатқа кіреді және Қазақстанға өтпейді. Басқа да ауыр жүк көліктері жүргізушілері шекара аймағында тұр. Қытайлық тараптан да, біздің тараптан да шаралар қабылдап жатыр. Көлік жүргізушілері бақылауға алынған», - деді бас дәрігер. Оның айтуынша, тексеру жұмыстары күніне екі рет жүргізіледі.