Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
731
оқылды
Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Рolisia.kz. Оқиға Самара-Шымкент автомобиль жолының 1767-1768 шақырымында (Сырдария ауданы) орын алып, Mercedes және Opel автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жатқызылды. Толық деректер анықталып жатыр. Аталған дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.