Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңға жетті
Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңға жетті
Фото: 24tnews
544
оқылды
Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны 50 мыңға жақындады. Елдің солтүстік-батысында орналасқан Сирияның кейбір қалалары қирандыға айналды. Дроннан түсірілген видео Джандарисе пен Африндегі қирандыны көрсетеді. Онда жер сілкінісі 1250-ден аса ғимаратты қиратты. Сирияда барлығы 8,5 мың адам, Түркияда соңғы мәліметтер бойынша 40 642 адам қаза тапты. Түркия билігі нормаларға сәйкес салынбаған қираған ғимараттарды тергеу аясында мердігерлер мен заңбұзушылықтарға қатысы бар басқа адамдарды ұстауды жалғастырып жатыр. 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында болған бірқатар жер сілкінісі ең ірі табиғи апат болды. Сейсмологтар үш мыңнан аса жер асты дүмпулерін санады, олардың ең күштісінің магнитудасы 7,8-ге жетті. Бір ғана Түркияның өзінде 80 мыңнан аса ғимарат қирап, ондаған провинцияның жүздеген мың тұрғыны баспанасыз қалып, босқынға айналды.