Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады – Қазгидромет
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады – Қазгидромет
Фото: stan.kz
947
оқылды
«Қазгидромет» ақпанның 20-сына арналған ауа райы болжамын жариялады. Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, скандинавиялық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады – қар жауып, бұрқасындатады, батыс аудандарында және оңтүстікте – жаңбыр, қар жауады. Тек еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша көктайғақ болып, жел күшейеді, тұман түседі.