Заңсыз сақталған қару-жарақ тәркіленді
Заңсыз сақталған қару-жарақ тәркіленді
© polisia.kz
391
оқылды
Түркістан облысының полицейлері “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 6 дана заңсыз сақталған қаруды тәркіледі,-деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысының аумағында облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 25 ақпанында басталған “Қару” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Іс-шараның негізгі мақсаты қаруды қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сақтаумен, дайындаумен айналысатын адамдар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді және басқа да құқық бұзушылықтарды заңсыз сақтау және сату жайттарын анықтау болып табылады. Түркістан облысы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері “Қару” жедел-алдын алу іс-шарасынының алғашқы тәуліктерінде заңсыз сақталған 5 аңшы мылтығы мен 1 газды тапаншаны тәркіледі. Олардың ішінде екі қаруды Түркістан облысының тұрғындары ерікті түрде полицияға тапсырған. Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Шардара су қоймасының жанында рейдтік іс-шараларды жүргізу кезінде жергілікті екі тұрғынды қолға түсірді, олардан тіркелмеген екі аңшы мылтығы тәркіленді. Мақтарал ауданының тұрғыны өз еркімен полиция бөліміне тіркелмеген 9 мм калибрлі газды тапаншаны тапсырған, ал Кентау қаласында тұрғынның бірі ерікті түрде тәртіп сақшыларына аңшылық мылтығын тапсырған Сонымен қатар, “Қару” жедел алдын алу іс-шарасының полицейлерімен мыңнан астам қару иесі тексеріліп, 62 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.