ҚХП төрағасы Қарағанды сайлаушыларымен кездесті
ҚХП төрағасы Қарағанды сайлаушыларымен кездесті
269
оқылды
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Қарағанды облысына барып, сайлаушылармен кездесті. Аталған өңірдің тумасы Ермұхамет Ертісбаев жергілікті мәселелерді жақсы біледі. Сондықтан ол бірінші болып «Арселор Миттал» кәсіпорнының ұжымымен кездесу үшін Теміртауға барды.  Басқосу барысында ҚХП басшысы партияның еліміздің тау-кен-металлургиялық кәсіподақ ұйымдарымен ынтымақтастығы, сондай-ақ нақты секторды дамыту жоспарлары туралы айтты. – Біз қолданыстағы жұмысшылардың құқын таптайтын Еңбек кодексіне қарсымыз! – деп атап өтті Ертісбаев. – Жаңа Қазақстанға жалдамалы қызметкердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын толығымен қорғайтын жаңа Кодекс қажет! Біз – мықты және жұмыс берушіден тәуелсіз кәсіподақтарды қолдаймыз! Бұдан басқа ҚХП ауыр, зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді 50-55 жастан зейнетке шығару әділетті деп есептейді. Сонымен қатар халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сай кеншілер мен металлургтердің жұмыс барысында денсаулығын жоғалтқан жағдайда қосымша ақы төлеуді, құқықтық қорғауды жақтайды. Ертісбаевтың сайлаушылармен келесі кездесулері Теміртау тұрғындарымен жалғасты. Кейіннен құрылысшылар, шағын орта бизнес өкілдері партия бағдарламасымен танысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстандағы олигархиялық капитализм дәуірі аяқталып келеді» – деп мәлімдеді. – Жұмыс беруші өндірістегі төтенше жағдай үшін және өз қызметкерлерінің өмірі үшін жауап беруі тиіс, – деп атап өтті ҚХП Төрағасы, – Бұл отандық және шетелдік бизнесмендерге де қатысты. Көшпелі кездесу жергілікті орталық әмбебап дүкен кәсіпкерлерімен қорытындыланды. ҚХП төрағасының Қарағанды облысына сапары жалғасып жатыр.