Ішкі істер министрлігі Ресейдің әскери институтында көз жұмған курсантқа қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрлігі Ресейдің әскери институтында көз жұмған курсантқа қатысты пікір білдірді
© Flickr
367
оқылды
Еліміздің Ішкі істер министрлігі Ресей Федерациясы Ұлттық ұланы Саратов әскери институтында оқып жүрген курсанттың қазасына қатысты пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылғы 19 ақпанында Ресей Федерациясы Ұлттық ұланы әскерлерінің Саратов әскери институтында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшісі, 3-курс курсанты қаза тапты.
"Ол 2020 жылы "Арыстан" мамандандырылған лицейін бітіргеннен кейін іріктеуден өтіп, "Ұлттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша оқу үшін Ресей Федерациясы Ұлттық ұлан әскерлерінің Әскери институтына жіберілген болатын. ҚР Ұлттық ұлан академиясының қолбасшылығы әскери қызметшінің қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады", – делінген хабарламада.