БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тапты
Фото: azattyq-ruhy.kz
868
оқылды
Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға 21 ақпанда таңертең Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылы тұсындағы Самара-Шымкент тасжолының 241 шақырымында болды. Toyota Alphard-тың 30 жастағы жүргізушісі 57 жастағы ер адам басқарған Hyundai Santa Fe автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota-да отырған 25 жастағы жолаушы мен Hyundai салонындағы 56 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды. Ал екі жүргізуші мен қалған жолаушылар түрлі дене жарақатымен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеу жүріп жатыр.