Ақтөбеде мектеп өртеніп, 890 оқушы мен 60 ересек адам эвакуацияланды
Ақтөбеде мектеп өртеніп, 890 оқушы мен 60 ересек адам эвакуацияланды
Фото: ҚР ТЖМ
1,006
оқылды
Ақтөбеде өрттен 890 оқушы мен 60 ересек адам эвакуацияланды. Бүгін сағат 08:01-де 112 құтқару қызметіне Сәтбаев көшесіндегі №23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сағат 08:12-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау таңертең сабақ енді басталған уақытта шыққан. Өрт мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары отыратын кабинетте тұтанған.
"Мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасарының кабинеті болатын. Жаңадан алынған фильтрді қосқанда, сол қысқа тұйықталып, тұтанған. Кабинеттегі заттар өртенді. Балаларды дер кезінде шығарып, ата-аналарына хабарлап, үйіне жібердік. Қазір екінші аяқкиімдері мен сөмкелерін алып үлгермендерге таратып жатырмыз. Бүгін оқу процесін тоқтаттық. Себебі, ысты жуып, қалыпқа келтіруіміз керек. Екінші аяқкиімдері, сөмкелерін таратып жатырмыз. Иіс тиіп немесе денсаулығына шағым айтқан балалар жоқ", – деді №23 мектеп-лицейдің директоры Әлия Қасымова.