Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, 28 градусқа дейін аяз болады
Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, 28 градусқа дейін аяз болады
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
1,161
оқылды
"Қазгидромет" РМК 22-25 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Алдағы күндері Қазақстан аумағына батыстан суық антициклон жылжиды. Осыған байланысты 25 ақпанда ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мол түсіп, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман, екпінді жел, жаяу бұрқасын соғады. 24 ақпанда күндіз республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде 15 градустан 23 градусқа дейін, солтүстік-батыста 28 градусқа дейін, ал солтүстікте және орталықта 25 градус аяз болжанады», – делінген хабарламада.