Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовті еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол жолдасының өмірден өткен күніне орай әсерлі жазба жариялады.
12 қарашада Заманбек Нұрқаділовтің өмірден өткеніне 21 жыл болды. Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында марқұм жолдасын еске алып, видео жариялаған.
«Бүгін Зәкеңнің өмірден өткен күні, топырағыңыз торқа болсын, мәңгілік жүрегіміздесіз», – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
