Алматыдан 439 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Алматыдан 439 шақырым қашықтықта жер сілкінді
© sanalbasin.com
1,221
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.25-те жер сілкінісін тіркеді.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 439 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11.6. MPV магнитудасы – 5.3. Тереңдігі – 15 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», – делінген хабарламада.