Алматыдан 450 км жерде тағы бір жер сілкінісі тіркелді
Алматыдан 450 км жерде тағы бір жер сілкінісі тіркелді
2,376
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» 22 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.32-де жер сілкінісін тіркеді.
«Зілзала ошағы оңтүстік-шығысқа қарай Алматыдан 450 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы – 4.5. Тереңдігі – 10 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін сағат 16:25-те Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 439 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген болатын.