Бас прокуратура қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне кінәлі деп айыпталған азаматтың атын атады
Бас прокуратура қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне кінәлі деп айыпталған азаматтың атын атады
© Мелдехн отбасының мұрағатынан
Бас прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан төрт жасар Айкөркемнің өліміне кінәлі деп күдікке ілінген азаматтың атын атады. Іс "өкілетін асыра" пайдалану бабымен тергелген және қазір істі қарау аяқталып танысу үшін жіберілген, – деп хабарлайды Stan.kz. Бұл жөнінде Бас прокуратура жабірленуші тараптың қорғаушысы Рафик Бейсебековке жолдаған жауап хатында айтқан. Онда 2023 жылдың қаңтардың 25 күні  өкілетін асыра пайдаланған 26363 әскери бөлімінің батальон командирі Жұман А. 2023 жылдың 9 ақпанында күдікті деп танылғаны айтылған. Оның әрекеті "билік өкілетін асыра пайдалану" (451-бап) бабы бойынша қаралған.
"Оған қатысты әскери бөлімнің қолбасшылығының қадағалауында болу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген прокуратураның жауабында.
Бұған дейін Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан іс "өкілетін асыра пайдалану" бабымен тергелгеніне және бір ғана күдікті болғанына наразылығын білдірген. Stan.kz тілшісімен тілдескен Айдос Мелдехан жас лейтенантты командир ретінде көрсетіп, күдікті етіп отырғанын айтады. Айтуынша, оқ атқан төрт адамды куәгер ретінде қараған.
"Істі осы айдың аяғына дейін сотқа жібермек", – дейді ол.
Ол сонымен қоса адвокатының істі жүргізуден бас тартып отырғанын жеткізді. Енді олар тез арада басқа қорғаушы іздеп табуы қажет екен. Еске салайық, төрт жасар Айкөркем Мелдехан былтыр 7 қаңтарда Алматыда дүкен іздеген жақындарына ілесіп жүрген кезде оққа ұшқан. Оның 16 жастағы әпкесі жараланып, ақпанда ауруханадан шыққан. Көлікке кім оқ атқаны әлі күнге дейін белгісіз. Балалардың әкесі бұған дейін көліктен әскери оқ тапқанын хабарлаған.