Жүргізуші куәлігін сатып аламын деп алаяққа алданды
Жүргізуші куәлігін сатып аламын деп алаяққа алданды
© polisia.kz
5,200
оқылды
Шымкент қаласында заңсыз жүргізу куәлігін жасатқысы келген арам ойлы азаматтың былығы әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 19 жасар Шымкент тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып алғысы келіп, өзі алаяқтың құрбаны болғанын айтып полицияға жүгінді. Жас ер адам жүргізуші куәлігін оқу курсын оқымай және емтихан тапсырмай, жеңіл жолмен заңсыз алғысы келген. Болжамды күдікті аталған рәсімдерсіз-ақ 2 апта ішінде жүргізуші куәлігін алып беремін деп, қызметін 65 000 теңгеге бағалаған. Алайда, белгіленген мерзімде құжаттар дайын болмай, күдікті байланысқа шықпай қойған. Жәбірленушінің өтінішінен кейін көп ұзамай қаскүнем ұсталды, ол 40 жасар қала тұрғыны болып шықты. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.