Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина бүгін үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездесуі керек еді.
Алайда қазақстандық теннисші арқа жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, К.Гауфф ойнамастан ширек финалға өтті.