Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді уақытынан бұрын тоқтатты
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді уақытынан бұрын тоқтатты
445
оқылды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина бүгін үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездесуі керек еді. Алайда қазақстандық теннисші арқа жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, К.Гауфф ойнамастан ширек финалға өтті.