Ақмола облысында 21 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті
Ақмола облысында 21 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті
1,019
оқылды
Полиция із-түзсіз жоғалған 21 жастағы ақмолалық жігітті іздестіруде. Белгілі болғандай, 20 ақпанда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны 2002 жылы туған ұлы Божантаев Рахман Жасланұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінген. Ер адамның сөзінше, ұлы 6 ақпанда Астанадан қонаққа келіп, 13 ақпанда қайта кеткен. Содан кейін онымен байланыс үзілген. Осы уақытқа дейін ұлының орналасқан жері белгісіз. Рахман Жасланұлының белгілері: бойы 170-175 см, арық денелі, шашы қара. Полицияның мәліметінше, жоғалған жігітті іздеуге Көкшетау қалалық полиция басқармасының жеке құрамы мен берілген күштер бағдарланған. Сондай-ақ Рахман Жасланұлы туралы бағдарлар Ақмола облысы полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшесіне, көрші облыстардың полиция департаменттеріне жіберілген.