БҚО-да республикалық жол жабылды
БҚО-да республикалық жол жабылды
414
оқылды
Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты республикалық жол жабылды. «ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 22 ақпан күні жергілікті сағат 20.30-дан бастап Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент күре жолында (394-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді. Жабылу себебі - Ақтөбе облысында бұрқасын, боран. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын хабарлады.