Полиглот фанаттар
Полиглот фанаттар
513
оқылды
Лондонда ағылшындар қазақша үйреніп жүр. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі Халықаралық ана тілі күні қарсаңында арнайы кеш өткізген. Іс-шараға «Димаш Құдайберген. Ұлыбритания және дүниежүзі» фан-клубының белсенді мүшелері қатысқан. Аталған фан-клуб 2022 жылы тамыз айында ашылған. Осы ара­лықта клубқа мың мүше тіркелген. Кейбірі Қазақстанда болып, мәдениетімен, өнерімен танысқан екен. Мәселен, фан-клуб мүшесі Луанна Кипинг Димаштың Алма­тыда өткен концертіне барып, кәдесый ретінде қазақы әшекей-бұйымдарды сатып алған. Көлге барып, шатқал аралаған екен. Бұл күні Халықаралық фан-клуб мүшелері қайырымдылық шарасын да өткізді. Олар қазақ тілінде тілдес­кеннен бөлек, Қазақстандағы «SOS балалар ауылы» үкіметтік емес қоғамдық ұйымына қаражат жинап берді. Жиналған қаражатқа жетім немесе ата-анасының қа­рауынсыз және қамқор­лығынсыз қалған балалар музыкалық аспап­тар сатып алады. Оған қоса, дом­бы­ра үйренуге мүмкіндік бар. Фан-клуб төрайымы келешекте «SOS балалар ауылының» тәрбие­ленушілеріне онлайн платформа арқылы ағылшын тілін үйреткісі келетінін, тіпті ауылға барам дей­тін мұғалімге қаржылай қолдау көрсету ойда бар екенін атап өтті.

Айбике ЖАНАСЫЛ