Air Arabia әуекомпаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Air Arabia әуекомпаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: aviationbusinessme.com
470
оқылды
Air Arabia әуекомпаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 690 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Алматы-Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген қызметтерді (алкогольсіз сусындарды) ұсынбағаны  Air Arabia әуекомпаниясын әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болған.
"13 ақпан күні  Air Arabia әуекомпаниясы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге тартылды. Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс аясында жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын ұстанатынын және авиатасымалдаушылар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шараларды қабылдайды", – делінген хабарламада.