Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
606
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Абай облысында қар жауады, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел қарқыны 15-20 м/с. 24-26 ақпан аралығында ауа температурасы түнде 0-3 жылыдан 15-20, облыстың шығысында 25 аязға дейін, күндіз 2-7 жылыдан 8-13, облыстың шығысында 16 аязға дейін күрт төмендейді. 25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 24-26 ақпан аралығында ауа температурасы түнде 0-3 жылыдан 15-20, облыстың шығысында 25 аязға дейін, күндіз 4-9 жылыдан 8-13, облыстың шығысында 16 градус аязға дейін күрт төмендейді. 24 ақпанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Астана қаласында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел қарқыны – 15-20 м/с. 24 ақпан түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 24 ақпан түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел қарқыны 15-20 м/с-ке жетеді. 24 ақпанда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні – 15-20 м/с, күндіз – 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында –23-28 м/с. 24 ақпанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде желдің күші – 15-20 м/с. 24 ақпанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында - 25 м/с. 24 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде - 23-28 м/с. 24 ақпанда Жамбыл облысыныңбатысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні – 15-20, 25 м/с. 24 ақпан таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында желдің күші – 15-20 м/с. Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, 24 ақпан таңертең және күндіз, 25 ақпан түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.