Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
1,888
оқылды
Атмосфералық фронтальды ағындар әсерінен алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсер жауын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын, республиканың оңтүстік өңірлерінде көктайғақ күтіледі. Тек Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен таяудағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін. Батыс, солтүстік-батыс аймақтарға келетін болсақ, ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Қалған аймақтарда ауа температурасы төмендейді.