Халықтың сұрауы: баға тұрақтылығын сақтау
Халықтың сұрауы: баға тұрақтылығын сақтау
403
оқылды
«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Талас ауданының Қасқабұлақ ауылына арнайы барды. Партиялықтар мұнда елді мекен тұрғындарымен тілдесіп, оларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ ауылдықтардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Айта кетейік, бұл ауыл таулы жерде орналасқан. Мұнда 80 жылдан астам уақыт бойы күрд этносы өмір сүруде. Олар негізінен мал шаруашылығы мен сауда-саттықты кәсіп еткен. Бүгінде ауыл тұрғындарының саны 1200-ге жеткен. Ал олардың жартысына жуығы саяси науқанда дауыс беру құқығына ие.
"AMANAT" партиясы өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар пәрменді шараларды қабылдады. Партиялықтар мамандармен бірлесіп, әлеуметтік тұрақтандыру қорына жыл сайын 1 миллиард теңгеге өсу қаупі жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуды ұйымдастырады. Бұл тізімге бағасы шарықтауы мүмкін тауарлар еніп отыр. Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер қосымша қаржыландырылады. Сондай-ақ олар үшін форвардтық шарттар мен «айналым схемасы» шеңберінде кемінде 5,5 миллиард теңгеге жеңілдетілген қарыз алу мүмкіндігі пайда болады. Ал азық-түлік бағасының бақылаусыз өсуін болдырмау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілер арасында меморандум жасалмақ. Бұдан бөлек, облыс орталығы мен аудандарда кем дегенде 400 ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда фермерлерге өз тауарларын сатуға мүмкіндік беріледі. Осылайша, тұтынушыларға ең пайдалы өнімдер ұсынылмақ", – деді Абдалы Нұрәлиев.
Кездесу барысында жергілікті тұрғындар партиялықтардан елдегі тұрақтылықты сақтауды сұрады. Ал қалған жұмыс еңбекқор жамбылдықтардың мойнында болмақ. Сонымен қатар, ауылдықтардың айтуынша, екі ай бұрын бүкіл ауданды қамтыған табиғи апаттан кейін ауылдық округте электр беру желісінің барлық тіректері құлаған. Осыған байланысты елді мекенде дизельді генераторлар орнатылған. Соның көмегімен әзірге мұнда сорғы станциясы мен ауылдық мектептің тәулік бойы жұмысы қамтамасыз етілген. Ал үйлерге электр энергиясы тәулігіне 8 сағатқа ғана беріледі. Бүгінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, бірақ ауа райының қолайсыздығы жұмысшыларға айтарлықтай кедергі келтіруде.
"ТКШ саласының проблемаларын шешу – сайлауалды бағдарламаның маңызды тармақтарының бірі. Бүгінгі таңда өңір бойынша электр желілерінің тозуы 78,8 пайызды құрайды. Осыған байланысты алдағы бес жылда 1,2 мың шақырым электрмен жабдықтау желілерін жөндеу және қайта жаңарту мәселесін қатаң бақылауға аламыз", – деп атап өтті Махметғали Сарыбеков.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді