Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында заңсыз қару айналымы арнасының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізіп, ұйымдастырушыны және оның көмекшілерін құрықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл операция алдында ұзақ жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, оқ-дәрімен ататын және өзге де суық қаруды, сонымен қатар оқ-дәрінің сирек кездесетін түрлерін жеткізу мен сату жүйелері анықталды, құжатпен бекітілді.
Қаскөйлер құпиялық шараларын қатаң сақтап, саудалаудың қалыптан тыс әдістерін пайдалану арқылы қылмыстық ұйымның жұмысын әшкерелеуді қиындатқан.
Уақытылы қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнеске тосқауыл қойылды.
Қару-жарақтың негізгі бөлігі жақын шет елдерден қалыптасқан құпия арналар арқылы жеткізіліп тұрғаны анықталды.
Заңсыз айналымнан 12 бірлік қару (жетілдірілген тапаншалар, мылтықтар, заманауи жабдықталған қарулар), 2000 аса оқ-дәрі, сонымен қатар суық қарудың бірнеше түрлері (мөлшермен жасалған қымбат пышақтар, қанжарлар, қылыштар, жүзі жасырылған қол таяқтар т.б.) алынды.
Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.