Мұнда тәулігіне 6 тонна қызанақ пен 7 тонна қияр жиналуда.
9 айда әр өскіннен тәулігіне 18 келі өнім алу жоспарда.
Кешен жұмысы автоматтандырылған. Тамшылатып суару әдісімен әрбір өскінге қажетті тыңайтқыш ерітінділер түрінде беріледі.
"Жылыжай кешенінің аумағын 16 гектарға дейін ұлғайту жоспарда бар. Алдағы уақытта көкөніс өнімдерін ғана емес, үй жануарларын, құс пен балық түрлерін өсіруді қолға алу мақсаты тұр", — делінген
Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Ауылдағы жылыжай кешені Махамбет ауданының ғана емес, тұтас Атырау облысы үшін ауыл шаруашылығындағы ең үлкен жоба болып отыр.
Баян Жанұзақова