Түркияның тағы бір провинциясында жер сілкінісі тіркелді
Түркияның тағы бір провинциясында жер сілкінісі тіркелді
560
оқылды
Түркияның Нигде провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Бор ауданында орналасқан, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сенбі, 25 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 13.27-де Түркия провинциясында 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) жерасты дүмпулерінің эпицентрі Бор ауданында орналасқанын хабарлады. Жер сілкінісі ошағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан», —  деп жазылған Анадолу сайтында.