Петропавлда атыс болып, ер адам ажал құшты
Петропавлда атыс болып, ер адам ажал құшты
1,026
оқылды
26 ақпан күні Петропавл қаласы Полиция басқармасының «102» жедел арнасына облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды СҚО Полиция департаменті. 28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылды, алайда алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі «адам өлтiру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар қажетті сараптама  тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.