Маңғыстау облысындағы жол апатынан 4 адам қаза тапты
Маңғыстау облысындағы жол апатынан 4 адам қаза тапты
990
оқылды
Маңғыстау облысында жол-көлік апатынан 4 адам қайтыс болып, тағы бір адам ауруханада жатыр. Оқиға 25 ақпан сағат 11.42 шамасында Сай-Өтес-Бейнеу тасжолының 383-шақырымында болған. Жол апатынан 2003 және 2004 жылғы 4 жігіт көз жұмып, тағы бір адам Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген.
«Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс бағытына шығып, автовозбен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автовоз өртенген», — деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі..