Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді
873
оқылды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі хабарлады. Олар Алматыдан 278 және 279 км қашықтықта екі жер сілкінісін тіркеді. Бірінші зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Сондай-ақ, 05 сағат 58 минут 05 секундта тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай Халық Республикасының шекарасында орналасқан.