Сайлау-2023: Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгертіледі
Сайлау-2023: Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгертіледі
Фото: gov.kz
543
оқылды
Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгертіледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында айтылды.
«Біз бюллетеньдердің көлемін өзгертеміз. Ол үшін тәжірибе жасап көрдік. Егер әдеттегі А4 емес А 5 қағазын қолданатын болсақ, онда бюллетень жақсы оқылады. Бюллетеньде партиялар тізіміне арналған 7 жолақ болады. Ал 8-і позиция барлық кандидатқа қарсы дауыс беру жолағы. Егер бір мандатты округтерге келсек, 16 кандидаттың аты-жөні еркін сияды және көзге көрінеді. Көру қабілеті нашар адамдар үшін сайлау учаскелерінде арнайы орындар жабдықталады. Егер депутаттыққа кандидаттардың саны 16-дан астам болса, онда бюллетеньнің мөлшері ұлғая түседі», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.