«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыстың жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Боранға байланысты алты облыстағы 21 учаскеде жол жабылды. Оның ішінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында барлық автожолдар жабық.
Көлік қозғалысы мына автожолдарда шектелген:
Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті, 200-235 шақырымы (Ақмола облысы-Шідерті). Жолдарда 688 арнайы техника жұмыс істеп жүр. «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықтан асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Жолға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.