Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды
Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды
469
оқылды
Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Олар – Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары. Оларды полиция қызметкерлері «Мигрант» іс-шарасы кезінде анықтаған.
«4 күнде көші-қон заңнамасын бұзған 689 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 83 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 360 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 288 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 40 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 464 шетелдік орналастырылды», – деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Сонымен қатар баяндамашының айтуынша, көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 8 қылмыстық іс тіркелген. Сондай-ақ мемлекетаралық іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды.