Шетелде Қазақстанның 77 сайлау учаскесі ашылды
Шетелде Қазақстанның 77 сайлау учаскесі ашылды
© ortalyq.kz
559
оқылды
Мәжіліс сайлауы кезінде 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
"Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды. Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке қызметтік, оқу, іскерлік, туристік мақсатпен жүрген Қазақстан азаматтары сайлау учаскесі бар консулдық өкілдігіне немесе мекемесіне жүгіне алады", – деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифингте.
Оның айтуынша, шетелдегі сайлау учаскесінде дауыс беру үшін Қазақстан азаматтары оларға хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруі керек.
"Учаскелердің байланыс деректері министрліктің ресми сайтында жарияланады", – деді ресми өкіл.