СІМ Шенгеннің «қара тізіміне» қатысты түсініктеме берді
СІМ Шенгеннің «қара тізіміне» қатысты түсініктеме берді
447
оқылды
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров шенген визасын беру кезінде қосымша консультациялар талап етілетін елдердің тізбесіне Қазақстанды енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді.
«Қазақстанның қандай да бір тізімге енгізілгені туралы мәселеге келетін болсақ, біз Еуропа жағынан ресми хабарлама алған жоқпыз. Алайда, жұмыс тәртібінде талқылау кезінде бізге тиісті мәлімет келіп түсті, яғни 1 наурыздан бастап Қазақстан Шенген визасын беру кезінде бұдан былай азаматтарға қосымша консультациялар талап етілетін елдердің тізбесінде болады. Бұл тұрғыда әдеттегі жұмыс процесі ескерілген. Біздің ойымызша, мұндай қадам Шенген келісіміне мүше бір елдің сұранысы бойынша іске асырылып отыр. Өйткені, Еуропа Одағының ережелеріне сәйкес, ЕО мен Шенген аймағының елдері виза алуға өтініш берген үшінші елдердің азаматтарына қатысты қосымша консультациялар бастауға құқығы бар», - деді ресми өкіл ведомствода өткен апталық брифингі барысында.
Оның айтуынша, мұндай консультациялар жеті күнге созылуы мүмкін. Бұл ретте визалық сауалнамаларды жалпы қараудың стандартты мерзімі бұрынғыдай қалады –15 күнге дейін.