Жетісу облысында жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды
Жетісу облысында жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды
598
оқылды
26 ақпан полицияға Теректі ауылының жергілікті тұрғындарынан топтық төбелес туралы қоңырау түсті. Дәмханалардың бірінде жастардан құралған екі топ бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Polisia.kz. Төбелеске қатысқан жеті адамның барлығы да анықталды, олар Балпық би ауданы орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы ұсталып, міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді. ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары басталды.